Мазмұнға өту

Өз кондитерлік үйіңізді ашып, «Тәп-Тәттімен» бірге жаңа табыс пен тәжірибеге жол бастаңыз!

  • Нарықта 18 жыл
  • Уақытпен дәлелденген бизнес-модель
  • Жеке өндірістік цех
  • Өнімдердің кең ассортименті
Өз кондитерлік үйіңізді ашып, «Тәп-Тәттімен» бірге жаңа табыс пен тәжірибеге жол бастаңыз!

Біздің жетістіктеріміз

Жеке кондитерлік өндіріс

Жеке кондитерлік өндіріс

Табиғи әрі сапалы құрам

Табиғи әрі сапалы құрам

«ХАЛАЛ» және HACCP сапа сертификаттары

«ХАЛАЛ» және HACCP сапа сертификаттары

60+
жеке дүкен
2000+
-нан астам кәсіби қызметкер
400K+
астам сенімді клиент
17+
жыл тәжірибе

«Тәп-Тәтті» желісінің географиясы

Картада кондитерлік дүкендеріміз бар және жақын арада ашылатын қалалар белгіленген. Келесі табысты нүкте сіздің қалаңызда болуы мүмкін!

  • Астана
  • Алматы
  • Шымкент
  • Павлодар
  • Қарағанды
  • Тараз
  • Өскемен
  • Көкшетау
  • Щучинск
  • Екібастұз
«Тәп-Тәтті» желісінің географиясы

Тәп-Тәтті құндылықтары

«Тәп-Тәтті» құндылықтары — бизнес жүйесін басқарудың негізгі өзегі. Әрбір стейкхолдер (цех қызметкерінен бастап франчайзиге дейін) біздің қызметіміздің төмендегі 5 ұстанымына сай болуға ұмтылады:

1

Адам

Бізде әр адамға қамқорлық пен өзара түсіністік бағаланатын жайлы орта қалыптасқан

2

Адалдық

Біз өз қызметкерлерімізге адалмыз, әрқайсысы біз үшін маңызды. Адалдық пен ықылас — өзара құрметтің кепілі

3

Сапа

Өнім құрамындағы, шеберліктегі және қызмет көрсетудегі жоғары сапа — біздің басты стандарт

4

Тазалық

Кондитерлік технологиялар мен аспаздық шеберлікті дамыту арқылы жеке өсуге мүмкіндік береміз

5

Даму

Адамдардың, өндіріс процесінің, өнім құрамының және қоршаған ортаның тазалығына мән береміз

Неге «Тәп-Тәтті»?

Орталықтандырылған өндіріс

Орталықтандырылған өндіріс

Астанадағы орталықтандырылған өндіріс өнімді дайын немесе жартылай дайын күйінде жеткізіп, франчайзиді жеке өндірісті басқару міндетінен босатады.

Бірыңғай сапа стандарттары

Бірыңғай сапа стандарттары

HACCP және «ХАЛАЛ» стандарттары әртүрлі сату нүктелерінде өнім сапасының ауытқу тәуекелдерін барынша азайта отырып, өнімнің дәмдік әрі сапалық сипаттамаларының бірыңғай болуын қамтамасыз етеді.

Жеке кондитерлік өндіріс

Жеке кондитерлік өндіріс

Астанадағы аумағы 1 гектарды құрайтын кондитерлік өндірісіміз франчайзилерге сату көлемін арттыруда шексіз мүмкіндіктер береді.

Жоғары сапалы өнім

Жоғары сапалы өнім

Өнімдеріміздің жоғары сапасы ел тұрғындарының ықыласы мен сеніміне ие болып, әр аймақтағы сату көрсеткіштерінің тұрақты артуына ықпал етуде.

Франчайзиді қолдау жүйесі

Құрылыс

Техникалық тапсырма мен нысан жобасы бойынша консультациялар: Бұған 3D-дизайн мен «know-how» (ноу-хау) шешімдері кіреді.

Авторлық қадағалау: Жобаның жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін үнемі назарда ұстау және бақылау.

Салынған нысанды тексеру және дайын орынды соңғы қабылдау.

Құрал-жабдықтарды сатып алу және оларға сервистік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолдау.

Сатып алу

Бекітілген тізім бойынша өнім жеткізушілер.

Сатып алу процесінде HACCP және «ХАЛАЛ» стандарттарын қолдану.

Жеткізушілерді таңдау бойынша ұсыныстар.

Оқыту және біліктілікті арттыру

Астанада желілік және өндірістік персоналды даярлау әрі қайта оқыту жөніндегі жеке бөлімнің болуы.

Ашылу тобы және франчайзиге арналған кейінгі тұрақты қолдау.

Жұмыс стандарттары және қосымша оқытуға берілетін жеңілдіктер.

Оқыту және қолдау тобының франчайзидің орналасқан жеріне арнайы баруы.

Франчайзиді қолдау жүйесі

Дүкендер мен өндірісті басқарудың бірыңғай жүйесі.

Жеке менеджермен тікелей байланыс.

Маркетингті орталықтандырылған түрде басқару және қолдау.

Дүкендер мен өндірісті операциялық басқару мәселелері бойынша консультациялар.

Тұрақты аудит (тексеріс пен бақылау).

Бренд бук

Фото және бейнематериалдардың бірыңғай базасы.

Эксклюзивті баға шарттары және қағаз бен картон қаптамалардың дайын әрі түрлі-түсті баспа (принт) шешімдері.

Жеке тігін цехы

Франчайзиді фирмалық арнайы киіммен (униформамен) қамтамасыз ету.

Бүкіл желі бойынша бірыңғай корпоративтік стильді сақтау.

Франчайзиге қойылатын талаптар

Франчайзидің өмірлік құндылықтары мен ұстанымдары біздің компанияның құндылықтарына сай болуы тиіс.

Кәсіпкерлік тәжірибесінің болуы және бизнес қауымдастығында мінсіз беделге ие болуы қажет.

Франшизаға салынатын инвестиция таза әрі заңды кіріс болуы шарт (несие, ломбард қаражаты, пара немесе заңсыз табыс түріндегі қаржы қабылданбайды). Мемлекеттік қызметшілер франчайзи бола алмайды.

Бизнес-модель тұжырымдамасы

«To Go» форматындағы кондитерлік дүкен

Негізгі басымдық өзімен бірге алып кетуге және тапсырыспен сатуға беріледі.

20 орындық кондитерлік кафе

Қонақтардың жайлы демалуына мүмкіндік беретін жинақы формат.

60 орынға дейінгі ресторан форматындағы кондитерлік кафе

Қонақтарға толыққанды қызмет көрсетуді қарастыратын кеңейтілген формат.

Жобаны қаржыландыру кезеңдері

40 млн + ₸
Инвестиция
10 млн + ₸
Бизнесті қолдау
10 млн ₸
Алғашқы жарна

Франшизаны талқылауға дайынсыз ба?

Сауалнаманы толтырыңыз — біз оны қарап, сізбен хабарласамыз.

Біз сайттың жұмысын жақсарту және трафикті талдау үшін cookie файлдарын пайдаланамыз. Сайтты пайдалана отырып, сіз cookie жинауға және дербес деректерді өңдеуге келісесіз. Толығырақ